«Мен таулықпын...!» » Ломоносов орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ломоносов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
февраль
2018

«Мен таулықпын...!»

«Мен таулықпын...!»

 

Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылының Ломоносов орта мектебінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 87 жасқа толуына орай «Жырлайды жүрек» атты әдеби - сазды кеш өтті. Әдеби сазды  кешке мектеп оқушылары мен ұстаздары, мектеп қонақтары қатысты. Салтанатты кешті мектеп директоры  Г.Б. Мусина құттықтау сөзімен ашты. Кештің мақсаты: Артына айрықша өшпейтін із қалдырған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, ақын өлеңдері мен әндері арқылы әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу болды. Кеш барысында мектеп оқушылары ақын өлеңдеріне жазған әсем әндерді нақышына келтіріп орындады. Ақынның мұрасы, поэзия маржаны болып саналатын «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын жатқа оқып,  8 -сынып оқушылары көрініс көрсетті.

 Ақиық ақынымыз махаббат, сүйіспеншілік тақырыбында да көптеген әндер мен өлеңдер жазған. Махаббат әлемін Мұқағалидай жырлаған адам кемде - кем. Ол нағыз махаббатты армандады. Сол махаббат жайында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері де  Мұқаңның өлеңдерін мәнерлеп оқып, кешке қатысқан көрермендерінің жүрегінен бір орын ала білді. Сонымен қатар,     «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасы аясында  10 ақпан күні Алматы қаласында Аят Мәдібекұлы, Бақытжан Әбдікәрімұлы, Жанаргул Өнерханқызының ұйымдастыруымен ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған «...Бақытым – Халқым менің!» халықаралық көркемсөз фестивалі өтті.

Мектеп директоры Мусина Гүлнар Байзуллинақызының қолдауымен біздің оқушылар осы халықаралық фестиваліне  қатысып  І, ІІ жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, Қазахбай Жадырада І орын, Жолдан Рамазан, Бұхарбай Еркебұлан ІІ орынды иеленді.  Мектебіміздің жас ұстазы Қалманбай Дидар Қалманбайұлы халықаралық көркемсөз фестивалінде өз өнерін көрсетіп, байқаудан  І орын алып, «Мұқағали Мақатаев»  медальоны, «Бейбітшілік әлемі» төсалқасымен және дипломмен марапатталды. Оқушыларды осындай байқауға дайындап, қолдау көрсеткен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Култанова Жанар Ялгасбаевна және  Қалманбай Дидар Қалманбайұлы «Алғыс хатпен» марапатталды.

   Сонымен қатар,  ақпанның 18 жұлдызында жалғасын тапқан  Қазақтың ақиық ақыны  Мұқағали  Мақатаевтың туылған күніне арналған «.... Бақытым Халқым менің!»  оқушылар  мен жасөспірімдер фестивалінде  «би» жанрында  көрсеткен айрықша өнері, дарынды қабілетті  және рухани өркендеу жолындағы еңбегі үшін Әбіш Мерей халықаралық І орын және Қазақстан Республикасының  «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасы аясында «Мәңгілік ел, Қазақстаным!» Республикалық зияткерлік турнирінде «қазақ тілі» пәнінен  дарынды  білім көрсеткені және рухани өркендеу жолындағы еңбегі үшін Асарбай Әсем І орынды иеленіп, марапатталды.

 Фестивальді ұйымдастырушылардың қолдауымен жеңімпаз оқушылар мен ұстаздарға «БЕЙБІТШІЛІК ӘЛЕМІ–ПЛАНЕТА МИРА– WORLD OF PEACE» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІРЛЕСТІГІ Біріккен Араб Әмірлігі Дубай қаласында және «БЕЙБІТШІЛІК ӘЛЕМІ–ПЛАНЕТА МИРА– WORLD OF PEACE» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІРЛЕСТІГІ  «EDUANT» Халықаралық білім корпорациясының ұйымдастыруымен  28 мамыр -1 маусым 2018 жылы Туркия Республикасы Анталия қаласында  ұйымдастырылатын Ұстаздардың, Оқушылар мен Ата-Аналардың Халықаралық форумына Өнер фестиваліне және Ғылыми конференциясына шақыру хатын алды.

«Мен таулықпын...!»

 

«Мен таулықпын...!»

 

«Мен таулықпын...!»

 

«Мен таулықпын...!»

 

«Мен таулықпын...!»

 

«Мен таулықпын...!»