«Рухани жаңару-жаңашыл білім дамуының негізі» » Ломоносов орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ломоносов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Рухани жаңару-жаңашыл білім дамуының негізі»
07
февраль
2018

«Рухани жаңару-жаңашыл білім дамуының негізі»

«Рухани жаңару-жаңашыл білім дамуының негізі»

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор. Осы орайда «Ломоносов атындағы орта мектеп –мектепке дейінгі шағын орталығымен»КММ-де «Рухани жаңару-жаңашыл білім дамуының негізі»тақырыбында аудандық семинар өтті.Семинар салтанатты түрде ашылып, жүрекке жылы тиер ән мен күй орындалып, қонақтарға жылы лебіздер айтылды.Семинарға «Өрлеу»біліктілікті арттыру институтының аға оқытушысы Г.Е.Даулетова, аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Т.Бухарова сонымен қатар ауданымыздағы мектептептерден мұғалімдер іс-тәжірибе алмасу мақсатында келді.Семинардың негізгі мақсаты: «Заман талабына сай кәсіби мұғалімді қалыптастыра отырып,жаңа білім негізін қалыптастыруға бейімдеу,білім алу барысында меңгерген теориялық материалды өмірдің өзгермелі ситуацияларына қолдануға дайын жас ұрпақты дайындау». Осы мақсатта 9 ашық сабақ, 6 тәрбие сағаты жоспарланды. Жоспарланған іс-шаралар нәтижелі аяқталып, келген қонақтарға мектеп директоры Г.Б.Мусина, «Өрлеу»біліктілікті арттыру институтының аға оқытушысы Г.Е.Даулетова, аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Т.Бухарова, ДӘІЖО Э.Т.Нусипжановалар өз сөздерінде қазіргі таңда білім алу барысында меңгерген теориялық материалды өмірдің өзгермелі жағдайына қолдануға дайын жас ұрпақты дайындау керек екендігін баса айтты.  Осы орайда аудан мектептерімен бірлесе отырып,арнайы ашық есік күндерін өткізіп отырғандарын да айтып өтті.Сөз соңында келген ұстаздар өз ойлары мен пікірлерін ортаға салып, «Екі жұлдыз, бір тілек»түрінде айтып, осы іс-шараны ұйымдастырған  мектеп әкімшілігіне, ұстаздарға ризашылықтарын білдіріп тарасты.

 

«Рухани жаңару-жаңашыл білім дамуының негізі»