Республиканская акция "Дорога в школу" » Ломоносов орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ломоносов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Республиканская акция "Дорога в школу"
18
сентябрь
2017

Республиканская акция "Дорога в школу"

М. Ломоносов атындағы орта мектебінің

2017 – 2018 оқу жылындағы «Мектепке жол» акциясы бойынша атқарылған жұмыстарға мәлімдеме.

 

Облысытық білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2017 жылғы 25 шілдедегі № 3-18-3/2439-И тапсырмасы және облыс әкімінің 2017 жылғы 31 шілдедегі № 95-өн/к «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы өкімі негізінде 1 тамыздан 30 қыркүйек аралығында дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» ұранымен мектептебімізде «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып жатқанын мәлімдейміз. Акция туралы мектептің сынып жетекшілер отырысында қаралып, оның жоспары, мақсаты және міндеттерімен таныстырылды. Сол сияқты алғашқы рейдтер аудандық, мектепішілік жасөспірімдер есебінде тұратын және жетім, әке – шешесінің қамқорынсыз қалған отбастарын тексеру ұйымдастырылуда. Сынып жетекшілері, психологпен бірлесіп, балалар мен олардың ата –аналарымен әңгіме жүргізуде. 5 «А» сынып оқушысы Остертаг Натальяға ата-ана комитеті Полухина Наталья Александровна 7500тенге көлемінде спонсорлық комек корсетті, мектепке керекті құрал-жабдықтар берілді.

 

«Мектепке жол» акциясы қарқынды өтуде, акцияға байланысты ұйымдастыру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. ТОО «Филип морис Казахстан» компаниясы акция аясында 62000 теңге көлемінде 10 оқушыға, оқушы сөмкесін және мектепке керекті құрал жабдықтар сыйлады.

Мектебіміздің бастауыш сынып ата – аналар комитетінің мүшелері 12 оқушыға 72000 теңге көлемінде көмек көрсетті.

АО «Голд продукт» директоры В.В.Вольков 50 теңге көлемінде көмек көрсетті бұл қаржыға аз қамтылған жанұядан 5 балаға мектеп фомасы, аяқ киім алып берілді.

«ИП Кветкина» Акционерлік қоғамдастықтың кәсіпкері мектебіміздегі жетім қыз Путинцева Анастасияға 17500 теңгеге ақ жиде, спорттық киім және мектепке керекті құрал жабдықтар қамтамасыз етті.

«Мектепке жол» акция аудандық ішкі істер бөлімі мектебіміздің 9 сынып оқушысы жетім бала Варганов Степанды 40 мың теңгеге бірінші қыкүйекке толықтай мектепке керекті құрал жабдықтарын және мектеп формасын алып берді.