05
сентябрь
2024
05.09.2024 жылы Тілдер күніне орай мектепте мерекелік іс-шара өтті.
05.09.2024 жылы Тілдер күніне орай мектептің акт залында мерекелік іс шара болып өтті. Оқушылар іс шараны үш тілде жүргізді. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ән шырқады, би биледі.
Іс шараның мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру. Тіл-адамзат баласына тән ғажайып құбылыс.Адамзат қоғамының аясында халық,ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады. Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды да, келешек ұрпақтарына жеткізеді.Тіл -халық тарихы, тіл-ұлттық қазына, тіл-біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.