«Мәңгілік елдің тұғыры – Тәуелсіздік!» » Ломоносов орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ломоносов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Мәңгілік елдің тұғыры – Тәуелсіздік!»
12
декабрь
2021

«Мәңгілік елдің тұғыры – Тәуелсіздік!»

Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіз – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. Қазақстан  тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына-30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке- дара дербес ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.Мерейі биік бұл мереке қарсаңында  «М.Ломоносов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 16- желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Мәңгілік елдің тұғыры – Тәуелсіздік!» тақырыбында аудандық семинар-форум өтті.
          Семинардың мақсаты: жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, патриоттық сезімдерін нығайту.
    Семинар-форумға Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің әдіскері, Нұр-Сұлтан қаласынан келген М.Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясының директоры және "Жас сарбаз"сыныбының мүшелері, Еңбекшіқазақ ауданының мектеп директорлары және 6654 әскери бөлімі  қызметкерлері қатысты. Күмбірлі күйін шерткен оқушылар келген қонақтарды қуанышқа бөледі. Іс-шараның салтанатты ашылуы концерттік бағдарламаға ұласты. «Біз – Мәңгілік ел ұландарымыз!» атты" Жас сарбаз" қатарына қабылдау рәсімінде ант қабылдады. Сонымен қатар іс-шара мектептің Акт залында ұйымдастырылған Қазақстанның нышанына айналған асыл мұра – «Алтын адам» көшпелі  мұражайына саяхаттауға ұласты.