Қашықтықтан оқыту » Ломоносов орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ломоносов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қашықтықтан оқыту
06
апрель
2020

Қашықтықтан оқыту

«Ломоносов атындағы орта мектеп - мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2020 жылдың 3 сәуірде қашықтықтан өткен сынып сағаты ZOOM – платформасы арқылы жүзеге асты. «Мен қашықтықтан қалай оқимын және вирустық аурулардан қалай сақтануға болады?» тақырыбы бойынша негізгі мәселелер баяндалды. Ең бастысы –оқушыларға сыныптағы оқу процесі қалай ұйымдастырылатыны, қашықтықтан оқыту режимі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сақталатыны туралы ескертілді. Қашықтықтан оқыту барысында білім алушылармен кері байланыс жасау керектігі айтылды. Мектеп оқушылары өздерін емін-еркін ұстап, көкейлеріндегі сұрақтарды қойып жатты. Кез келген мәселе мен жұмысты өздігімен жасап, шеше алатындығының дағдыларын көрсете білді. Мысалы бастауыш сынып оқушылары кері байланыс ретінде ватсап желісіне пандемия кезіндегі СОVID-2019 тақырыбына арналған суреттер жіберіп жатса, орта буын сыныптарындағы оқушылар қашықтықтан оқытудың тиімділігі туралы презентация дайындап, «Біз үйдеміз, біз біргеміз» тақырыбында челенждерін сынып жеткешілеріне жіберді. Ал жоғарғы сынып оқушылары заманауи бағдарламалардың пайдасын және қалай қолдану туралы ресурс ретінде бейнебаяндарын ұсынып жатты.
Қашықтықтан оқыту
Қашықтықтан оқыту

Похожие публикации:

11 октябрь 2019 "Күз кереметтері"
10 февраль 2018 «Мен таулықпын...!»