Қашықтықтан оқыту » Ломоносов орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ломоносов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қашықтықтан оқыту
30
август
2020

Қашықтықтан оқыту

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылы, «М. Ломоносов атындағы орта мектеп - мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2020 жылдың 20 тамызда ZOOM-платформасы арқылы «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» жалпыреспубликалық ата-аналарға жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысының мақсаты негізінде коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету болды.
Ата-аналар жиналысының күн тәртібінде жаңа оқу жылындағы оқу форматтары, оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптардың сақталуы, қашықтан оқыту: баланың іс-әрекеті және жұмыс орны, қашықтан оқыту процесі жүргізілетін білім беру Интернет-платформасымен танысу, жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі, баланың оқу режимі және демалысы, баланы өздігінен оқуға қалай ынталандыруға болатындығы, интернетті қауіпсіз пайдалану үшін ата-аналарға балаларына үйрететін ережелермен және интернеттегі балалардың жұмысын ата-ананың бақылауы ережелерімен таныстыру, ата-ана мен баланың қарым-қатынас психологиясына байланысты сұрақтар көтерілді.
Жиналыстың ерекшелігі ата-аналар ойын еркін жеткізіп, сауалдарын белсенді қойып жатты. Сынып жетекшілері тарапынан ата-аналардың ойын ашуға, өз пікірін айтқызуға себеп болып, отбасындағы бала тәрбиесіне кеңестерді ойласа отырып, бағыт-бағдар беруге ықпал етілді.

Похожие публикации: